Орал қаласында өткен жəрмеңкеде 750 бос жұмыс орны ұсынылды

Жəрмекеде негізінен жастарға басымдық берілді. Жұмыссыздықты жоюға бағытталған шара Х.Бөкеева атындағы драма театрда өткен болатын. Жұмыс іздеушілерден өндірістік кəсіпорындар, денсаулық сақтау саласы, білім беру, құқық қорғау салалары түйіндеме қабылдап,  100-деген жұмыс беруші қатысты. Олардың арасында облыс көлемінде жұмыс жасайтын жəне ауданнан келген мекемелер де болды. -"Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығына 2 мыңдай адам жұмыс іздеп жолықты. Оның 400-і жастар. Бүгінгі таңда 470 жас ресми түрде тіркеуге алынды",-дейді жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұржан Аткешов. Бұдан өзге облыс орталығында жұмысқа орналасу бойынша кеңес беретін жастар орталығы жұмыс жасайды. Осы жерден біліктілікті арттыруға жəне кəсіпорындарда тəжірибе жинақтауға жолдама алуға болады. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.  
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp