22 октября 2017

Орал қаласында шартты жазаланғандарды еңбекке тарту мәселесі талқыланды

Еңбек - жаза басып, қылмыс жасағандарды түзеудің бірден-бір тетігі. Өйткені ол қайта қылмыс жасаудың жолын кеседі. Облыстық соттың ұйытқы болуымен, жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары өкілдерінің басын қосқан өңірлік форумда аталған мәселе кеңінен талқыға түсті. Жазасын өтеп шыққандар мен шартты түрде сотталғандарды еңбекпен қамту, Ұлт Жоспарының 33-ші қадамында анық көрсетілген. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар тарапынан жыл сайын квота бөлінеді. Сондай ақ түрлі жәрмеңке, сұхбаттасулар ұйымдастырылып, әлеуметтік оңалтудың кешенді шаралары іске асуда. - Түзету мекемелерінен босап келген 208 адам жұмыспен қамту органдарына жолығып, нәтижесінде 153 адам еңбекке орналасқан. Бұл үшін бюджетте арнайы қаржы қаралған. Бұған қоса 7 отбасыға 706 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілсе, 33 жанұяға 1 млн. 913 мың теңгеге мемлекеттік балалар жәрдемақысы бөлініп отыр деді, - форумда сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов. Бірақ, пробациялық бақылаудағы азаматтардың арасында мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың игілігіне иек артпай отырғандарда бар. - Біз Жұмыспен қамту мекемесінде «Пробация үйі» деген жобаны іске қостық. Сонда сотталғандарды алып барып, түрлі жұмыстарды ұсынамыз. Алайда еңбегіміз еш кетуде. Өйткені 15-20 адамның тек 5-6 ғана еңбекке орналасады. Қалғандары жалақысы аз және тағы да басқа сылтауларды айтып ұсынылған кәсіптен бас тартады дейді, - Пробациялық бақылау қызметінің бастығы Талғат Құрманалиев. Расымен де көпшілікті ұсынылған жұмыстың жалықысы қанағаттандырмайды екен. Бірақ бұл жауаптан құтқармайды. Өйткені екі қолға бір күрек таппаған жандар, шарасыздан баяғы әніне басады. Яғни, қылмысқа қайта барады дейді, - құзырлы орган өкілдері. Мәселен биыл екінші қайтара заңбұзған 45 адамның шартты түрдегі жазасы, бостандығын шектеумен алмастырылды. Сараптау барысында олардың 87 пайызы жұмыссыз болып шыққан. - Пробациялық бақылауға жататындар көбінде жұмыс істеуден қашады. Сондықтан осы мәселені бүгінгі форумның күнтәртібіне шығарып отырмыз. Мақсат ой-пікірлерді ортаға салып, нақты шешім шығару. Ия, біз еңбекпен қамтуды дұрыс ұйымдастырсақ, олардың қылмысқа баруына тежеу болар еді дейді, - БҚО прокуроры Сапарбек Нұрпейісов. Форум барысында нақты ұсыныстар айтылды. Оның ішінде сот үкім шығарған кезде шартты жазаға кесілген адамды бір ай ішінде жұмысқа ораналастыруға міндеттеуі тиіс. Егерде сол аралықта жазасын өтеуші себепсіз ұсынылған жұмыстан бас тартса, бостандығы шектелетін болады. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp