Орал қаласының эпидемиялогиялық жағдайы тұрақты

Облыстың он айдағы санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының Тұтынушыларды қорғау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов баян етті. Биыл жұқпалы аурулардың азаюы байқалады. Оның ішінде желшешек 23 пайызға, жіті респиарторлы жұқпа 26 пайызға төмендеген. Ал дифтерия, қызылша, қызамық, тырысқақ, құтыру, оба сияқты індеттер тіптен кездескен жоқ. Әрине олқы тұстар да жоқ емес. - Былтырғы жылмен салыстырғанда бірқатар жұқпалы дерттердің өсімі бар. Олар сальманеллез, ротавирустық интеритвирустық гепатит, сарып және көкжөтел. Жағымсыз көрсеткішті төмендету бағытындағы жұмыстар да жүргізілуде дейді, - БҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов. Өткен он ай ішінде сала мамандары 2 мыңнан астам тексеріске мұрындық болды. Нәтижесінде көптеген кемшіліктер анықталды. Ол бойынша жалпық құны қырық миллион теңгеге жетеғабыл 1152 айыппұл салынды. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамту мақсматында мониторинг жүргізіліп отырады. - Біз азық-түліктің 2178 түрін сатып алып, тексерістен өткіздік. Онда анықталған құқықбұзушылықтардың дені таңбалауға қатысты. Атап айтсақ екі жүз он алты тағам түрі бойынша осындай кемшілік орын алған. Сондай ақ тағамның төрт сынамасы микробиологиялық талапқа сай келмеді. Біздің қызмет кемшіліктер бойынша алпыс төрт ұйығарым беріп, талаптан шықпаған тағам түрлерін айналымнан алдырып тастады дейді, - Батыс Қазақстан облысының Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов. Брифингте сала басшысы қоғамды толғандырған бірқатар іс бойынша да түсінік берді. Мәселен мантыдан ұшынып, ажал құшқан әйел адамның жағдайы бойынша, ет сатылған дүкеннен еш кемшілік табылмаған. Мамандардың пікірінше тамақтан улануға көп жағдайда тазалыққа немқұрайлы қараудың салдары себеп болып жатады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Тұтынушыларды қорғау департаменті болып саналады. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp