01 декабря 2017

Орал қаласының коворкинг орталығында кедесулер өтті

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған коворкинг орталығында жастардың бизнес және шығармашылықпен айналысып, түрлі әлеуметтік жобалар әзірлеуіне зор мүмкіндік берілген.   Мұнда шеберлік сағаттары, семинарлар, презентациялар жиі өтіп тұрады. Келем деушілер әкімшілікке тіркелген соң интернет желісін, техникалық базаны тегін пайдалана алады. - Орталықтың ашылғанына көп бола қоймаса да, келушілер санының көптігі бізді қуантады. Төрт арнайы кабинет әдейілеп келіп, жұмыс істейтіндерге арналса, екі кабинет жастар ұйымдарының қызметін ұйымдастыру үшін мамандандырылған. Сонымен қатар семинарлар мен кездесулер өткізетін бөлмелер де қарастырылған дейді, - «Бастау» коворкинг орталығының кеңесшісі Нұрбек Жеңісов. Орталықта тарихи-танымдық «Елім менің» коалициясы құрылған. Жастар өңірдің көрікті жерлерін суретке түсіріп, алдағы аптада көрме өткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, арнайы веб-сайт ашып, атқарылған жұмыстар туралы материалдар салып отырмақ. Ал жас филологтар түрлі мекемелерге барып, латын әліпбиіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Басқосу барысында министр Нұрлан Ермекбаев жалпыұлттық жастар ұйымы құрылатындығын тілге тиек етті. Мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау. Әлеуметтік және білім саласы, әскери-патриоттық, шығармашылық, спорт бағытында конкурстар өткізіліп, белсенділерге арнайы куәліктер табысталады. Ол куәлік жастардың жоғары оқу орындарына түсуіне, жұмысқа орналасуына жеңілдік береді. - Мұндағы мақсат шалғай елді мекендерде тұратын, жоғары білімге қол жеткізе алмаған немесе тұрмыстық жағдай төмен жастардың белсенділігін арттыруды көздейміз. Аталған жобаның тұжырымдамасы дайын. Келер жылдың басында оны ічке қосқалы отырмыз деді, - жастармен жүздескен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Діни жат ағымдармен күресу, үлкен міндет. Жастардың діни экстремизмнен аулақ болуын қадағалап, оларды оқу-білімге шақыру – күн тәртібіндегі негізгі міндеттердің бірі. Кездесуде министр осы тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, лаңкестіктің алдын алу жолдарын айтты. - Деструктивті ағымдар қазақ халқының болмысына қарсы, ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығарады. Сондықтан Елбасының «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасында жастарды діни радикализмнен сақтаудың маңыздылығы айтылған. Жастардың бойында отансүйгіштік, бәсекеге қабілеттілік, прагматизмді сіңіруіміз керек дейді, - министр. «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев «Елім менің» коалициясын республикалық деңгейде құруды ұсынды. Сонымен қатар, жастар тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарына жауап алды. Кездесу соңында министр коворкинг орталықтарын аудандық өңірлерде де ашу қажеттігін жеткізді. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp