• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Орал-Стамбул бағытында қатынайтын рейстің саны артпақ

Түріктің әуе кемесі қос қалаға қатынайтын рейстің санын арттыруда.
Орал-Стамбул бағытында қатынайтын рейстің саны артпақ
Автордың фотосы

Қарашадан бастап Орал-Стамбул бағытында қатынайтын рейстің саны артпақ. Келер айдан бастап әуе кемесі аптасына үш рет қатынамақ. Бұл туралы «Орал» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда Орал-Стамбул бағыты бойынша ұшақ бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Жолаушыларды Pegasus әуе компаниясы тасымалдайды. Жаңа кестеге сәйкес оралдық жолаушылар түріктің шаһарына сейсенбі күні де жолға шыға алады.

Осы рейске деген жолаушылардан сұраныс жоғары. Билет бағасы қолжетімді болғандықтан, Стамбулға сапар шегетін, Стамбулдан елге оралатын адам көп.

«Орал» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жаңа рейс күзгі, қысқы навигация аяқталғанша, қатынайды екен. Күзгі-қысқы навигация 27 қазаннан 2027 жылдың 28 наурызына дейін жалғасады.

Жалпы Орал қаласының әуежайынан Франкфурт, Стамбул, Анталия, Шарм-эль-Шейх, Пукетке ұшуға болады. Анталия, Шарм-эль-Шейх пен Пукетке чартерный рейстер қатынайды.