03 октября 2017

Оралда қысқартуға іліккендер әлеуметтік қолдауға ие болады

Өңірлік штаб отырысы өтіп қызметкерлердің ағынын басқару жөніндегі жол картасын іске асыру жолдары талқыланды.   Жұмысшыларды қысқартуға жаңа технологияларды енгізумен қатар өндірістің тоқырауы, бәсекелістіктің артуы сияқты сан түрлі жағдай себеп болуы ықтимал. Сондықтан жаңа Жол картасында кәсіпорынға бірлесе инвестиция тарту, босап қалған мамандарды қайта даярлау және басқа жұмысқа орналастыру қарастырылған. Осы тармақтар белгіленген келісімге үш тарап, яғни облыс әкімідігі, еңбек министрлігі және кәсіпорын басшылығы қол қояды. Мұндай талаптар еңбек ұжымы 500 адамнан асатын кәсіпорындарға қатысты. Ал өңірде мұндай 17 компания бар. - Қиындыққа тап болып, жұмыстан қысқартуды көздеген комапния осы туралы әкімдікке ресми хат жіберіп, құлақтандыруы керек. Бұл жоспарланған қысқартудан үш ай бұрын іске асуы тиіс. Сондай ақ қанша адамды босататыны, жұмысшылардың жеке және кәсіби мәліметтері де беріледі дейді, - Облыстық жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетов. Қорытындысында жұмыссыз қалған жан әлеуметтік тұрғыда қолдау тауып, кейін еңбекке орналасуда жәрдем алады. Әрбір адамның жағдайы дербес қаралып, мәселенің шешімі ізделеді. Оның ішінде жол картасы бойынша жұмыссыздарды субсидиялау, қайта оқыту, несиелеу, өзге аумаққа қоныстандыру шаралары қаралған. Облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаеваның сөзінше, егер компания үшін құнды маман болып, бірақ оны өз орнында қалдыруда қиындықтар кездессе мемлекет сол жұмысшы жалақысының 70 пайызын субсидиялау түріндегі көмек көрсете алады. Ал маман жұмыстан түпкілікті босап жатса, онда қызметкердің қайта еңбекке орналасқанына дейін қолдау көрсету мемлекеттің міндеті саналады. Осы орайда мемлекет процесске мониторинг жүргізіп қана қоймай, тікелей бақылауына алады. Кеңесте келісімнің әр тармағы тиянақты талқыланды. Кәсіпорын өкілдері әсіресе құжат тапсырудың мерзіміне қатысты сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. - Қысқарту туралы бір ай бұрын хабарлаған жөн. Өйткені үш айда не боларын өзіміз білмейміз деген ұсынысын жеткізді, - «ЛигабуеорталықАзия» ЖШС заңгері Әмина Сүлейменова. - Үш айлық мерзім сізге де бізге де керек. Өйткені осы аралықта нақты шешім қабылдап, жұмыспен қамту бойынша тиісті шараларды қолға аламыз. Ал бір ай мұндай кешенді жұмыстарды жүргізуге аздық етеді деді, - өз жауабында облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева. Кеңес соңында өңірдің 6 ірі компаниясы бағдарлама аясындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Кәсіпорындар арасындағы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады. Арман КУРМАНАЛИЕВ Иллюстративное фото с сайта vladnews.ru  
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp