• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

Бірінші қазаннан бастап Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші мекеме болмақ.
Оралда 1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда бірінші қазаннан бастап кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» Батыс Қазақстан облысы бойынша мекемесінің таратқан ақпарына сүйенсек, бірінші қазаннан бастап Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан орталық дүйсенбі мен жұма күндері сағат сегізге дейін, ал сенбі күні сағат түскі бірге дейін жұмыс істейді.

Ал, Исатай-Махамбет көшесі 84 мекенжайында орналасқан №2 орталық дүйсенбі мен жұма күндері таңғы сағат тоғыздан, кешкі сағат алтыға дейін қызмет атқармақ. Ал, сенбі мен жексенбі күндері демалады.

- Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайында орналасқан кезекші мамандандырылған ХҚКО бұрынғы жұмыс кестесі бойынша жұмысын жалғастырады. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру - сағат 20:00-ге дейін, сенбі күні - сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру - сағат 13:00-ге дейін жүзеге асады,- деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" Батыс Қазақстан облысы бойынша орталығы.