• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 11 жер учаскесі аукционға шығарылды

Жер аукционы 19 қараша сағат 10:00-де e-Qazyna.kz порталында өтеді.
Оралда 11 жер учаскесі аукционға шығарылды
Сурет "ЖИ" (chatgpt)көмегімен жасалды

Оралда коммерциялық бағыттағы нысандардың құрылысы үшін жер учаскелері аукционға шығарылды. Бұл туралы Орал қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аукцион 19 қарашада сағат 10 :00-де e-Qazyna.kz порталында ағылшын әдісі бойынша ұйымдастырылады.

Жер телімдері облыс орталығында, Деркөл, Круглозерное және Зачаганск кентінде орналасқан.

— Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бесминут бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер e-Qazyna.kz порталында қабылданады, – деп хабарлады Орал қаласының әкімдігі.

 

Фотогалерея
10 фото