Оралда Назарбаев даңғылында орналасқан №1 емханаға қосымша ғимарат салынбақ. Құрылыс жұмыстары барысында ғимараттың алдында өсіп тұрған ағаштар кесілмек. Тал-теректі кесу жұмыстары эко кеңесте талқыланыпты.
Құрылыс жұмыстары осы күзде басталмақ. Сол себепті шағын тынымбақта өсіп тұрған ағаштарды кеспек. Теректерді кесу жұмыстарының аяқ алысын Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев айтты.
- Дендроплан құжаттарына сәйкес аталмыш орында 15 астам апатты деп танылған және ауру деп танылған ағаштар бар. Сәйкесінше осы ағаштар кесіліп, орнына жобаға сәйкес 200-ден астам ағаш отырғызылады. 200 ағаштың барлығы осы жерге отырғызылмайды. Бар болғаны 50-ге жуық ағаш отырғызылып, қалған 150 ағаш қаламыздың басқа танымбақтарына қосымша егу ретінде отырғызылатын болады, - деп Жандос Дүйсенғалиев.
Бүгінгі таңда №1 емханада 65 мыңнан астам адам тіркелген. Деркөл кентінің тұрғындары да осы медициналық мекемеге қаралады.Жыл санап емханаға тіркелген тұрғындардың саны артып келеді. Медициналық көмекті көрсету үшін жаңа корпус салынбақ.