31 марта в 15:00

Оралда сенбілік кезінде 400 тонна қоқыс шығарылды

Орал қаласының әкімдігі шаһарда 400 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, 40 жуық техника жұмылдырылған деп хабарлайды.

Орал қаласының әкімдігі шаһарда 400 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, 40 жуық техника жұмылдырылған деп хабарлайды.
Орал қаласы әкімдігінің фотосы

Облыс орталығында тазалық айлығы басталды. Алғашқы сенбілік 29 наурызда ұйымдастырылды. Орал қаласы әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, жиыстыру барысында 400 тонна қоқыс шығарылыпты. Сенбілікте 40 жуық техника жұмылдырылған. Санитарлық-экологиялық шараға қала тұрғындары, түрлі мекеме қызметкерлері мен студент жастар қатысты. Сенбілік кезінде шаһар көшелерін, скверлерді, тынымбақтарды тұрмыстық қоқыстардан, құрғақ бұталар мен жапырақтардан тазарту жұмысы жүргізілді.

Санитарлық-экологиялық айлық 29 наурыздан бастап 26 сәуірге дейін жалғаспақ.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp