Этномәдени бірлестіктердің ұлттық бұйымдары мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылған этноауыл «Ақжайық» деп аталады.

Түрлі ұлт пен ұлыс тату-тәтті тұрып жатқан өңірімізде бұл шара 10 күн бойы өткізілмек екен. Этноауыл Тұңғыш Президент алаңына келіп табан тіреген.
-«Этноауыл осы жерде ұлттық құндылықтардан сыр шертеді. 10 күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары «Ақжайық» этноауылы көрмесін тамашалауына мүмкіндік бар»,-дейді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
Киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылған көрме алыстан мен мұндалайды. Себебі бізде мұндай көрініс тек мейрам кезінде ғана болатынына үйренген халыққа бұл таңсық көрінген тәрізді. Тарихи жәдігерлер, салт-дәстүрден сыр шертетін бұйымдар мен әшекейлер, тіпті Тақсай қорымынан табылған алтын ханшайымның да бейнесі осында келушілерді тамсандырды. Ән де, би де, күмбірлеген күй де осы жерден табылады. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Арман КУРМАНАЛИЕВ
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.