Оралда ағаштарды күтіп, баптауға бөлінген 155 миллион теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады. Департаменттің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу веб-порталын мониторинг жасағанда заң бұзушылықты анықтаған.
Облыс орталығында тал-теректі күтіп ұстау бойынша тендер ұтқан компания жалған банк кепілдемесін веб-порталға орналастырғаны белгілі болды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті банктың құжатын тексергенде ол кепілдемені қаржы ұйымының бермегенін анықтапты.
Орал қаласының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен тендер ұтқан компания арасында келісімшарт бұзылды. Жалған банк кепілдемесін берген жекеменшік мекеме екі жылға жозықсыз компаниялардың тізіміне енді.