• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда Астана күніне орай велошеру өтеді

Велошеруге кез-келген тұрғын қатыса алады.
Оралда Астана күніне орай велошеру өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда Астана күніне орай мерекелік велошеру өтеді. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, шеру алтыншы шілдеде таңғы сағат 9:30-да Жеңіс алаңынан басталмақ. Велосипедшілер Жеңіс алаңы (Стелла) – Пугачев көшесі – Жәңгір хан көшесі – №30 мектеп аялдамасының айналым жолы – Жәңгір хан көшесі – Жеңіс алаңы (Стелла) маршруты бойынша жүріп өтпек.

— Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды дене шынықтырумен және велосипед спортымен тұрақты айналысуға ынталандыру, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен сергектік рухын нығайту, - дейді Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Мерекелік велошеру 12 шақырымды құрайды. Оған кез-келген тұрғын қатыса алады. Ұйымдастырушылар жас ерекшелігіне шектеу қоймайды екен. Іс-шара аясында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталады:

  •  Ең жас қатысушы;
  •  Спорттық жанұя;
  •  Спорттық ұжым;
  • Қазыналы ақсақал.

 

Главный баннер --> after article