Орал қаласында отандық дзюдоның әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды республикалық семинар өтті. Үш күнге созылатын бұл басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі жаттықтырушылар қатысты деп Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның басты ерекшелігі — халықаралық деңгейде мойындалған матыр мамандардың қатысуында. Жан Пьер, Седрик Тайманс және Батраз Кайтмазов сынды шетелдік эксперттер қазақстандық әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуде. Бапкерлер мұнда тек теория тыңдап қоймай, татами басында практикалық сабақтар өтті.
Тәлімгерлер заманауи жаттығу әдістемелерін меңгеріп, спортшыларды жарыстарға дайындаудың тиімді жолдарын үйренді. Бұл өзгерістер болашақта өңірлік спорт мектептеріндегі шәкірттердің деңгейін жаңа сатыға көтеруге тікелей әсер етпек.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ республикалық және облыстық дзюдо федерацияларының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Үш күндік қарқынды оқу курсы төртінші қыркүйек күні өз жұмысын аяқтады.