• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда графитиді анықтап, өшіру үшін арнайы рейд басталды

Оралда полиция қызметкерлері мен жастар бірлесіп, графитиді өшіре бастады.
Оралда графитиді анықтап, өшіру үшін арнайы рейд басталды
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің фотосы

Жақында президент графитиге шүйлікті. Мемлекет басшысы ғимараттың қасбетіне салынған сурет салғандарды сынап, тыйым салуға тапсырма жүктеді. Осы тапсырманың аясында оралдық тәртіп сақшылары жедел атқа қонып, шаһар көшелерін аралауға кірісті. Полиция қызметкерлері графитиді анықтау үшін  рейд өткізді.

- Арнайы топтардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және «Орал жастары» белсенді волонтерлері тартылды. Бақылау аясында шаһар орталығы, халық көп шоғырланатын демалыс орындары, саябақтар, сондай-ақ "Саяхат" және "Зигзаг" аудандары толық қамтылды. Тәртіп сақшылары мен еріктілер бірлесе жүргізген аралау барысында тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына заңсыз салынған граффити жазулар мен вандализм белгілері анықталды, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Главный баннер

Акция аясында 15 графити сурет анықталып, өшірілген. Көшеге сурет салуға әуес жандар тіпті есірткі де жарнамалап жатады.Биыл полиция департаменті жыл басынан бері өңірде 43 наркографити боялғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары көшеде, ғимараттың қасбетіне сурет салып, графити жазған жандар әкімшілік жауапкершілік арқалайтынын ескертеді. Ал, графитиде есірткі жарнамасы болса, жаза да қатаңдап, заң бұзған адамдар қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады екен.

 

Главный баннер --> after article