• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

Қазақстандықтар саяси науқанда дауыс беріп жатыр.
Оралда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
Автордың фотосы

Оралда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Тұрғындар саяси науқанда дауыс беріп жатыр. Кейбір жандар бала-шағасымен, жанұясымен келіп таңдауын жасауда. Солардың бірі – Рахимовтар әулеті. Ерлі-зайыпты Сағынғали мен Қамажай Рахимовтардың отасқанына 50 жылдан астам уақыт болыпты. Олар маңызды таңдаудан шет қалған жоқ. 

— Қазақстанда тұрамыз. Қазақтың салт-дәстүрін ұстанамыз. Сайлаулардан қалмаймыз. Бүгін жолдасыммен келіп дауыс бердім. Денсаулық барда жүреміз, келеміз, – дейді Орал қаласының тұрғыны Сағынғали Рахимов.

Главный баннер

76 жастағы Қамажай Рахимова апай сайлауға ұлтттық киім киіп, сәнденіп келіпті. 50 жыл бір шаңырақ астында өмір сүретін отбасы үшін сайлауға барып, дауыс беру дәстүрге айналған. Ақжаулықты ана немере, шөберемен бірге келіп, таңдау жасайтынын айтады. Рахимовтар жанұясы Орал қаласында орналасқан №483 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

— Сайлаудан қалмаймыз. Жылда әдемі киімізді киіп, дауыс береміз. Оралда 50 жылдан астам уақыт бойы тұрамыз.Сайлау учаскесіне келгенде қазақша әндер шырқалып тұр. Бізді жақсы қарсы алды. Қазақ елінде тұрып жатқанымызға қуаныштымыз. Елімізде тыныштық пен ынтымақ болсын. Немере-шөбереміз бар. Балаларымыз қызмет жасайды.

Кейіпкеріміз дауыс берген №483 сайлау учаскесінде 2454 адам дауыс бере алады. Сағат 10:00-де нәтиже бойынша 133 адам таңдауын жасапты. Сайлау учаскесі таңғы сағат жетіден бастап өз жұмысына кіріскен.

 — №483 учаскелік сайлау комиссиясында тоғыз адам жұмыс істейді. Таңғы сағат жетіде әнұран шырқалып, сайлауды бастап кеттік. Сайлау жақсы, тыныш өтуде. Халық жақсы келіп жатыр. Комиссия мүшелеріміз осы кезге дейін үй-үйді аралап жұмыс істеді. Сағат алтының шамасында екі байқаушы келді. Үйден 22 адам дауыс береді. Түстен кейін сағат екіден бастап, алтыға дейін екі комиссия мүшесі мен бір байқаушыны жібереміз, -деді №483 сайлау учаскесінің төрағасы Рысбике Ибраева.

№483 сайлау учаскесінде екі байқаушы бар. Олардың бірі партиядан келсе, енді бір тәуелсіз байқаушы екен. Сайлаудың өту барысын бақылап отырған байқаушыны сөзге тарттық.

— Дауыс беру учаскесі уақытылы ашылды. Халық келіп, өз дауысын беруде. Кабинаға бір-бірден кіріп, таңдауын жасауда. Біз бақылап отырмыз, -дейді байқаушы Гүлназ Турлан.

Құрылтай депутаттарының сайлауы кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Биыл 450 мыңнан астам батысқазақстандық сайлауда дауыс беру құқығына ие. Өңірде 488 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Главный баннер --> after article