• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда оқушы қыздар мектептің спортзалында шаш жұлысқан

Қыздардың ата-аналары 43 250 теңге айыппұл төлейді.
Оралда оқушы қыздар мектептің спортзалында шаш жұлысқан
Сурет "ЖИ"(chatgpt.com) көмегімен жасалды

Оралда мектептердің бірінде 11-сынып оқушылары төбелесіп, бір-біріне балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Қыздардың ісі сотта қаралып, бұл туралы Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Оқушылар спорт залдың киім ауыстыратын бөлмесінде шаш жұлысып, бір-бірін ұрып соғып, бәйәдеп сөздер айтқан екен. Оларды мұғалімдер ажыратқан.

Сот отырысында оқушылар жанжалды өзге сыныптың қыздары бастағанын алға тартқан. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдері кикілжің туралы ұстаздары мен полициядан естігендерін айтыпты.

Судья істі жан-жақты зертеп, барлық тараптың уәжін тыңдап, оқушылардың қоғамдық орында бәйәдеп сөздер айтып, өзге адамдардың тыныштығын бұзғаны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Заң бұзған қыздар кәмелетке толмағандықтан, олардың айыппұлын ата-аналары немесе заңды өкілдері әрқайсысы 43 250 теңгеден төлейді. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.