Сегізінші қазанда Оралдың Айталиев, Гагарин және Строительный тұйық көшелері судан ажырап қалды. "Батыс су арнасы" мекемесі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Диагностикалық орталықтың аумағында орналасқан су құбыры желісінде апат тіркелген.
Сала мамандары диаметрі 100 мм болатын құбырдан су ағып жатқанын анықтапты. Соның кесірінен уақытша мына мекенжайлар тіршілік нәрінсіз қалды:
- Айталиев көшесі: 3, 3/1;
- Гагарин көшесі: 25/1А, 25/2, 23;
- 4-ші Строительный тұйық көшесі: 3, 1;
- 3-ші Строительный тұйық көшесі: 4/1- №1 бөбекжай-бақшасы;
- 3-ші Строительный тұйық көшесі: 6/1 - Диагностикалық орталық;
- 3-ші Строительный тұйық көшесі: 4, 2.
Құбырды қайта қалпына келтіргенше осы көшелердің тұрғындары тіршілік нәрінсіз отырмақ. Жөндеу жұмыстары сағат 11:00-де басталды.