31 октября 2019

Оралда тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигоны басшылығы өз ісіне салғырт қарап отыр

Экологиялық департаменттің мамандары аты шулы қоқыс полигонын басқарушылардың талай олқылықтарға жол бергенін хабарлады. 1975 жылдан бері қатты қалдықтарды тастайтын орын ретінде қалада полигон жұмыс жасап келеді. Ал оны басқарушылар жауапкершілікті сезінбей отырған сыңайлы. Жаз бойы отқа оранып, қала шеткейіндегі халық ыс пен мүңкіген иістен көз ашпай келсе, өрт сөндірушілер отты ауыздықтауға бірнеше мәрте күш жұмсаған. Тұрғындар мен коммуналдықтарды әбігерге салған полигон қызметіне жауаптыларға 3 мәрте айыппұл салыныпты. -«Компания мемлекетке елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл төледі. «ISM Recycling» компаниясы бірнеше мәрте тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау барысында жіберілген қателіктер мен өрттің тұтануына себепкер болғаны үшін осындай әкімшілік жауапқа тартылып отыр»,-дейді БҚО экология департаменті басшысының орынбасары Мұрат Ермекқалиев. Қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін жаңа орын жобасы жасақталып жатыр. Бірақ құрылыс қашан басталары белгісіз. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp