Жаз айлары - демалыс кездері олғасын қауып төндіреді. Әсіресе қараусыз қалған балалардың суға баруы қауыпы бар.

БҚО Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау капитаны Идалиеваның сөзіне сүйінсек, көптеген балалар өз әрекеттерінің қауіп төндіретінің, отпен және өрт қауіпті заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде білім жеткіліксіз болып қауіпті жағдайлардың құрбаны болып жатады. Сондықтанда, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері әрдайым ауданның жасбуын халқымен экстремальды жағдайларда өз өмірін қорғау біліктіліктері бойынша нұсқаулар өткізеді.
- Азаматтық қорғау қызметкерлерінің алдарына қойылатын міндеттердің бірі- ол адамдардың өз қауіпсіздігіне деген қарым қатынасы мен түсінігін өзгерту, ал бабалық шақ нағыз төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет ережелерін дағдыланудың тиімді шағы. Оларды қауіпті заттармен таныстыру, балалардың өз тегін білудің маңызды екеніңе сендіру, яғни мекен жайы, телефон нөмірі, шұғыл қызметі телефон нөмірлерін тері білуі, ең басты қауіпсіздіктің бастапқы біліміне дағдыландыру, - деп хабарлайды Идалаева.
БҚО Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен әрдайым «Қауіпсіздік шаралары» туралы сабақтар ұйымдастырылады. Қызықты бастаулар мен сауалдама ұйымдастырады, қауіпсіздік ержелері мен пайдаланудың міндеттерімен таныстырады, олардың білімі мен мүмкіндіктерін бағалап, «Жас құтқарушы» атты естелік таңбалауыштармен марапаттайды, «Ашық есік күндерін» өткізеді, өрт сөндірушілер мен құтақарушылардың қызықты да, жауапты қызметтері туралы айтады. Осындай қызметкерлердің балалармен кездесуі мейірімді дәстүрге айналуда. Өткізілген шаралардан ескерткіш фото суреттермен қоса өрт қауіпсіздігі негізі туралы үлкен білім қалады.
Сонымен қатар, қайғылы оқиғаларды алдын алу үшін БҚО ТЖД Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері суға түсуге тыйым салынған жерлерге рейдтер жасауды жалғастыруда, олар демалушыларға су қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, алдын алу көрнекілік материалдарын ұсынып, суға кеткен адамдардың статистикасымен таныстыруда.
Арман КУРМАНГАЛИЕВ