6 часов назад

Оралда темірден жасалған 19 аялдама орнатылады

Оралда жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылмақ.

Оралда темірден жасалған 19 аялдама орнатылады
Автордың фотосы

Оралдан қаласында 19 темірден жасалған жаңа аялдама павильоны орнатылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Павильонның қасбеті панельмен қапталып, лазермен ойылған өрнектермен әшекейленбек.

Ағаш отырғышын немістің бояумен бояйды екен. Ал, павильонның әйнектерін қорғау үшін триплекс қолданылмақ. Сала мамандары осының арқасында темірден жасалған павильон ұзақ уақыт қызмет көрсетеді деп айтады.

Темірден жасалған бір павильонды жасап, оны орнату үшін бюджеттен 4,5 миллион теңге жұмсалмақ. Сонымен қатар, облыс орталығында стандартты 54 аялдама павильоны орнатылмақ. Стандартты бір павильонның құны 2,9 миллион теңгені құрайды.

Ал, «Баспахана» аялдамасында бұрын орнатылған темірден жасалған павильонының тағдыры әзірге беймәлім. Оның сүріліп, қай аялдамаға орнатылатыны әлі белгісіз.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp