Оралда туысының зергерлік бұйымдарын ұрлаған баукеспе құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
32 жастағы Оралдың тұрғыны туысының үйіне емін-еркін кіріп, екі рет ұрлыққа барыпты. Күдікті бірінші рет қолды қылған бағалы заттарды ломбардқа тапсырған. Екінші рет ұрлыққа барған тұрғынды тәртіп сақшылары құрықтапты. Ол туысына 900 мың теңгедей материалды залал келтірген.
Қазіргі таңда заттай дәлелмелер тәркіленіпті. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.