• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда жаңа стадион салынбақ

Жаңа нысан 12000 орынға арналмақ.
Оралда жаңа стадион салынбақ
Cурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Орал қаласында спорт сүйер қауым үшін жаңа стадион салынбақ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді. Жаңа нысан 12000 орынға арналмақ. Стадионда спорттық, мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда. Жаңа стадион "Ақжайық" шағын ауданында салынады екен.

-Шаһардың жаңа шағын ауданында 1500 орындық үш мектеп, 500 орындық алты балабақша және 60-қа жуық әлеуметтік нысан салу жоспарланып отырмыз. Соның ішінде шығармашылық және даму орталығы, 550 орындық көпбейінді аурухана, 200 орындық пернаталдық орталық және 250 келушіге арналған емхана бой көтеретін болады, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары.

Главный баннер

Ол өңірде бой көтерген сәулетті ғимараттар мен пайдалануға берілген ғимараттар мен халықты ауыз сумен қамтуға тоқталды.

Азаматтарды тұрғын үймен қамту ісінде жіпке тізді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері облыс аумағында орта есеппен 200 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Ал соңғы үш жылда бұл көрсеткіш үш есеге артып, 650 мың шаршы метрді құрапты. Үйден бөлек, мектептерде  пайдалануға берілуде. 

 — Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін білім беру инфрақұрылымын дамыту – негізгі басымдықтардың бірі. Осылайша тәуелсіздік жылдарында облыста барлығы 125 мектептің құрылысы жүзеге асырылып, оның 30-ы соңғы үш жыл ішінде пайдалануға берілді. Оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында – тоғыз мектеп, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен – төрт мектеп, сонымен қатар 17 шағын жинақты мектеп ашылды. Биыл жаңа оқу жылына дейін қосымша сегіз шағын жинақты мектеп пайдалануға беріліп, мыңнан астам оқушы жаңа мектеп есігін ашпақ. Жалпы, соңғы үш жылдағы мектеп құрылысының қарқыны алдыңғы кезеңмен салыстырғанда үш есеге артты,   — деп хабарлады Мирас Мүлкәй. 

Құрылысшылардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған жиында тәуелсіздік алған жылдары мен соңғы үш жылдағы көрсеткіштер айтылды. Күні бүгінге дейін аймақта тұрғын үй, аурухана, спорт кешендері мен түрлі ғимараттардың іргетасын қалап, қабырғасын тұрғызып, пайдалануға тапсырды. Өңірдің ажарын келтіріп, келешектің іргетасын қалап жүрген құрылысшылардың еңбегі ерен. Саланың үздіктері медель, орден және алғыс хатпен маратпалды. Соның бірі – Замир Сәрсенбаев. Ол "Құрметті құрылысшы" төсбелгісіне ие болды. Марапат иесі 2009 жылдан бері құрылыс саласында еңбек етіп келеді.

 — Біздер 2009 жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істейміз. Күні бүгінге дейін 50 шақты нысанды тапсырдық. Оның отызы– көпқабатта тұрғын үйлер. Бүгін мені «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапаттады. Өте қуаныштымын. (...) Құрылыста сапа бірінші орында болады. Біздер қызметкерлерімізді бағалаймыз. Олардан сапаны талап етеміз. Әлбетте салған ғимаратыңыздың әдемі болғанын да қадағалаймыз, – дейді "СВС Батыс" ЖШС директоры Замир Сәрсенбаев.

Құрылысшылар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара биыл өзге жылдармен салыстырғанда ерекше өтті. Биыл жасанды интеллект пен роботтарға, уақыт пен ақшаны, жұмыс күшін үнемдейтін салаларға екпін салыпты. Құрылысшылар күнінде арнайы робот көптің көзаймына айналды. Жобалау барысында уақытты үнемдеп, жіті жоспар жасайтын жаңа бағдарлама таныстырылды. Жаңа технологиялардың арқасында кез-келген ғимараттың бірден үш өлшемі жасақталады. Бұл қаржы мен уақытты үнемдеуге сеп болады. Қазіргі таңда әлем елдері ғимаратты салу мен жобасын сызуда осы технологияны қолданып жатыр. Жаңашылдық құрылыс басталмай тұрып, олқылықтарды анықтап, оны түзетуге және өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.

 — Барлық материалдарды, осы модельдегі ықтимал қателерді цифрлық ортаның өзінде енгізілген түзетулермен беттестіріп көруге болады: мысалы, қай жерде болсын бір арқалық (балка), ригель немесе желдету жүйесі дұрыс орнатылмаған немесе дұрыс циркуляция жасамай тұрған жерлерін анықтауға болады. Ол физикалық тұрғыдан дұрыс модельді қалыптастырады, нәтижесінде оның шынайы өмірде жұмыс істейтін-істемейтінін бірден көреміз. Біз бірден түзетулер енгіземіз.  Қазіргі таңда мамандары бұрынғы тәсілді қолданады. Олқылық болса, құрылыс барысында түзетіп, көп шығындалады. Ал бұл тәсіл мұндай шығындардың алдын алады. Әрине, алғашында ғимараттың үш өлшемді сызбасын жасақтау үшін көп уақыт жұмсаймыз. Бұл – құрылыс саласына және жобаны жүргізуге деген заманауи көзқарас, яғни біртұтас технология. Осының арқасында ашықтықты қамтамасыз етуге болады. Мердігер жүйені айналып өтіп, өндіріске жұмсадым деп, артық қаражат жаза алмайды. Өйткені басынан бастап бұл үш өлшемді модель физикалық тұрғыдан дұрыс құрылып, барлық ықтимал шығындарды алдын ала қарастырады. Егер олар мердігердің есептерімен сәйкеспесе, тиісті шаралар қолданылатын болады, – дейді сарапшы Владимир Тяпухин.

Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Главный баннер --> after article