Оралда оқушыларды Отансүйгішке тәрбилейтін әскери клуб ашылды. "Жас бүркітші" әскери-патриорттық клубы №7 лицейде өз жұмысына кірісті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери-патриорттық клубқа 24 өрен қабылданды. Клуб қатарына қабылданған өрендер еліміздің лайықты азаматы болуға, оның тарихы мен дәстүрін құрметтеуге, тәртіпті және Отанға қызмет етуге дайын болуға салтанатты түрде ант берді.
- Іс-шараның негізгі бөлігінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі майор Әлібек Әбділов «Ерлік сабағын» өткізді.Ол оқушыларға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің ерлігі мен батылдығы, қиын сәттерде бейжай қалмай, адамдарға көмекке келіп, қайғылы жағдайлардың алдын алған оқиғалары туралы айтып берді.Өмірде болған осындай оқиғалар оқушыларға ерліктің мәнін тереңірек түсінуге және өзгеге қол ұшын созуға дайын азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы керектігін ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді.Сабақ соңында оқушылар нағыз "Жас бүркіт" қандай болуы керектігін талқылап, клуб мүшесіне тән батылдық, адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік пен өзара көмек секілді қасиеттерді атады, - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.