Социум
Оралда жастардың алғашқы коворкинг орталығы ашылды
Бұл, сан-саладағы жастардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін алаң. Қазірдің өзінде мұнда қыз-қыз қайнаған тірлік. Мәселен, Қазақстан студенттер Альянсы облыстық филиалының өкілдері волонтерлар слетін тыңғылықты ұйымдастырудың қамына кіріскен. Бұл істе жастар коворкинг орталығының техникалық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда. - Қазіргідегідей мүмкіндіктер бізде болған жоқ. Өте керемет, барлығы ұнап жатыр. Барлығы жастар үшін істелгені көрініп тұр. Түсті компьютерлар, принтерлар, теледидарлар, проекторлар, флипчарт тақталар тегін түрде пайдалануға беріліп, түрлі кездесу, семинар-тренинг