Оралдағы «Шаңырақ» үйінің алты азаматы баспаналы болды
Кейінгі бес жылдың ішінде Оралда 230 жетім бала пәтерлі болды. Жуырда ғана 198 пәтерлі үй тапсырылып, осы санаттағы 21 азамат жаңа қоныстарының кілтін алды. Жергілікті атқраушы органның тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 21 мыңнан астам азамат тұр. Олардың 1884-і – жетім балалар санаты бойынша кезекке қойылғандар. Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес салынған үйдегі пәтерлердің 20 пайызы жетім балаларға беріледі. – Сонымен қатар олардың «Нұрлы жер», «Шаңырақ» бағдарламаларына қатысуына толық құқығы бар. «Отбасы» банкінің шарты бойынша бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің үй құнының 5 пайызд