Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Иллюстративное фото из архива "МГ"
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі «Шаңырақ» «5-10-20» бағдарламасын жүзеге асырады. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиені бірінші кезеңде, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986-2010 жылдар аралығында әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарламаға қатысушылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына займ сомасының 10 пайызына тең соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. Сондай-ақ, соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс, - деп ТҮЖБ-де хабарлайды.
Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу үшін өтініштерін 2020 жылдың 17 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта тек hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.
Ол үшін:
• hcsbk.kz сайтындағы «Пилоттық жоба «Шаңырақ» бөліміне кіру қажет
• «Тексеріп, өтініш беру» батырмасын басу керек
• электрондық өтінішті толтыру қажет
Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер. Соңғысының тізімін hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Арман КУРМАНАЛИЕВ