• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Өзіңізді аямайды екенсіз»: сегізінші жүктілігін жариялаған танымал жайдарманшының әйелі сынға қалды

Танымал жайдарманшы Ғалым Махамбетовтың жұбайы сегізінші сәбиіне жүкті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Мой Город.Қуанышты жаңалықты өнер иесінің жары Әсия Тәңірбергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.“Ғалымға витамин бермеңдерші”, – деп жазған ол.Жазбадан кейін желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды құттықтап, жылы тілектерін жаудырды.Дегенмен пікір білдірушілер арасында сын айтқандар да кездесті. Кейбірі әйел денсаулығына қатысты алаңдаушылықтарын білдіріп, әртүрлі пікір қалдырған.“Түсінем бала деген бақыт, бірақ әйел өз-өзіне жаны ашу керек қой, ең болмаса арасын 2-3 жыл созу кер
«Өзіңізді аямайды екенсіз»: сегізінші жүктілігін жариялаған танымал жайдарманшының әйелі сынға қалды
Фото: instagram.com/asiya_tanirbergenkyzy

Танымал жайдарманшы Ғалым Махамбетовтың жұбайы сегізінші сәбиіне жүкті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Мой Город.

Қуанышты жаңалықты өнер иесінің жары Әсия Тәңірбергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

“Ғалымға витамин бермеңдерші”, – деп жазған ол.

Жазбадан кейін желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды құттықтап, жылы тілектерін жаудырды.

Дегенмен пікір білдірушілер арасында сын айтқандар да кездесті. Кейбірі әйел денсаулығына қатысты алаңдаушылықтарын білдіріп, әртүрлі пікір қалдырған.

“Түсінем бала деген бақыт, бірақ әйел өз-өзіне жаны ашу керек қой, ең болмаса арасын 2-3 жыл созу керек шығар. Сонда туады бала бір жасқа толмай көтереді ме?”, “Өзіңізді аямайды екенсіз”, “Онымен қоймай, дәруменге жарнама жасап отыр. Ұлы дардай, қалай ұялмайды”, “Әйел өзін, денсаулығын ойламаса, еркектің дымы да кетпейді”, “Жалпы, бала туудан басқа немен айналысып жатырсыздар”, – деп жазған олар.

Главный баннер --> after article