26 марта в 19:00

Қазақстандықтар үлестік құрылысты eGov Mobile қосымшасының көмегімен тексере алады

Қазақстандықтар салынып жатқан үлестік құрылысты eGov Mobile қосымшасымен тексеріп, анық-қанығаны жете алады.

Қазақстандықтар салынып жатқан үлестік құрылысты eGov Mobile қосымшасымен тексеріп, анық-қанығаны жете алады.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстандықтар жаңадан салынып жатқан үлестік құрылысты тексереді. Олар eGov Mobile қосымшасының көмегімен құрылыстың заңды екеніне көз жеткізе алады деп Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлайды. Ведомство өкілдері жаңа қызмет Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының ынтымақтастығымен іске асырылғанын айтады.

— Жаңа сервис азаматтарға жылжымайтын мүлікке тәуекелді инвестицияларды белсенді түрде тексеруге және жосықсыз үлестік құрылыс компанияларының қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қызмет енді барлық азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығы мен қауіпсіздігіне жасалған тағы бір қадам! – атап өтті Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Сервис сұрау салған азаматтарды «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесіне бағыттайды. Мұнда құрылыстың кепілдігі немесе үлескердің қаражатын тартуға әкімдіктік рұқсаты бар барлық заңды үлестік құрылыс обьектілері туралы ақпарат ұсынылады.

Құрылыс нысандарын тексергісіт келетіндер 3 қарапайым қадамды орындауы шарт. Бірінші: EGOV mobile қосымшасына кіріп, «Басты» бөліміне өтіп, «Басқа қызметтер» батырмасын басу қажет. Кейін қызметтер тізімінен «Тұрғын үй порталын» тауып, тиісті бетке өту үшін батырманы басукерек. Сосын тұрғын үй порталында объектіні іздеу үшін пайдаланушыға БСН, құрылыс салушының немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізу қажет.



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp