Республикалық маңызы бар тас жолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын кешен енгізілді
Елімізде республикалық маңызы бар тас жолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.

«Қазавтожол» мекемесі республикалық маңызы тас жолдарда орташа жылдамдықты анықтайтын автоматтандырылған жүйені іске қосты. Орташа жылдамдық Батыс Қазақстан облысында Орал қаласы мен Ресей Федерациясының Саратов шаһарын жалғайтын тас жолда бақылауға алды.
Енді жүргізушілер темі тұлпардың жылдамдығын осы тас жолда сағатына 100 километрден асырмауы тиіс. Сондай-ақ, осы тізімге Астана – Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ); Астана – Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ); Шымкент – Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ); Шымкент – Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ); Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ); Павлодар - РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ) тас жолы енді.
«Қазавтожол» мекемесінің қызметкерлері жүргізушілерге айыппұл арқаламас үшін жылдамдық режимін асырмауды сұрайды.