Биыл Қазақстан шекарасын жалған құжатпен кеспек болған 358 дерек тіркелді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады. Ведомство өкілдері қыркүйек пен қазан айында Астана мен Алматы қаласының әуежайында 19 шетел азаматы анықталды. Олар жалған құжатпен шекара кеспек болған.
- Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қазіргі таңда заң бұзған шетел азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.