Батысқазақстандық параспортшы Мәлік Мұқашев әлем чемпионатының алтын медалін қанжығалады. Бұл туралы Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жеңімпаз осымен үшінші мәрте әлем чемпионатын бағындырды. Ол паратаэквондо спортымен шұғылданады.
Әлем чемпионаты Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатыр. Мәлік Мұқашев XI әлем чемпионатында K-41 санаты бойынша 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.
Спорт жанкүйерлері Мәлік Мұқашев пен оның бапкерін Ербол Мерғалиевті жарқын жеңісімімен құттықтайды.
Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионы бұған дейін 2021 жылы Түркияның Стамбул, 2023 жылы Мексиканың Веракрус қаласында өткен жарыстарда алтын медальді қанжығалады.