• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Сұранған еркек жоқ»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі күйеуінің тойға бармауының себебін ашып айтты

«Сұранған еркек жоқ»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі күйеуінің тойға бармауының себебін ашып айтты
Коллаж: Мой Город

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың продюсер Мөлдір Мұқанованың балаларына арналған қуаныш тойына қатыспауы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Осы жағдайға байланысты оның жары Айман Талғатқызы желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды МойГород.

Желіде кейбір оқырмандар Тұрсынбек Қабатовтың тойға бармауына Айман Талғатқызы себеп болды деген пікір білдіріп, оны кінәлаған.

«Тойға неге жібермедіңіз? Тұрсынбектей тұлға әйелдің айтқанын тыңдап, тойға бармай қалғаны не сасқаны екен?» – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Айман Талғатқызы бұл пікірге жауап беріп, мұндай әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның сөзінше, ол Мөлдір Мұқанованың отбасының ісіне араласпайды әрі күйеуінің шешіміне ықпал етпейді.

«Осы бір жерде біреу мен жібермедім деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? "Барсам бола ма?" деп сұрап жатқан еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтыңдаршы. Түрлеріңе қарасам, дұрыс адамдар сияқтысыңдар», – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова балаларының мерекелік кешін өзі ұйымдастырған болатын. Ал Тұрсынбек Қабатовтың тойдан көрінбеуі әлеуметтік желіде түрлі болжамдар мен қауесеттердің таралуына себеп болды.

Главный баннер --> after article