• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Таиландтан есірткі әкелмек болғандар сотталды

Астанада есірткіні шетелден алып келмек болғандардың жолы кесілді.
Таиландтан есірткі әкелмек болғандар сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Астанада есірткі контрабандасымен айналысып, тыйым салынған заттарды тасымалдамақ болғандар сотталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады. 20 жастағы Қазақстан азаматы Таиландтан салмағы 4,7 келі болатын каннабис экстракты салынған екі сөмкені жеткізген. Ол бұл қызметі үшін қомақты сыйақы алмақ болған. Ол есірткіні тәттілер ретінде алып өтпек болыпты. Ұшақ елорда әуежайына қонған кезде анықталып, тәркіленген. Сот бойжеткенді 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Бұдан бөлек, 39 жасар ер адам 2024 жылдың көктемінде халық тұтынатын тауар ретінде есірткіні жасырып, Таиландтан Қазақстанға пошта қызметі арқылы жібермек болған. Осы есірткінің партиясын қарсылап алмақ болған үш тұрғын сотталды.

Шетелден елге есірткіні поштамен жібермек болған адамды іздеуге жариялап, құрықтады. Ол сот үкімімен сегіз жылға бос бостандығынан айырылды.

Қос үкім де заңды күшіне енген жоқ.