05 марта в 13:00

БҚО құтқарушылары шатырдағы қар мен мұз сүңгілерінен сақ болуға шақырады

Төтеншеліктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Төтеншеліктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазіргі таңда ғимараттардың шатырында жиналған қар мен мұздан келетін қауіп көп. Әлеуметтік желілерде төбеден мұз құлап, оның астында қалған қойған ана мен баланың видеосы көптеп тараталуда. БҚО төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды еске салады. Сала мамандары қарапайым ережелер адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізетінін айтады.

Ендеше төбеден қар мен мұз сүңгілерінен аман қалатын қарапайым ережелерді біле жүріңіз. 

– Қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз. Қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерді басқа жолмен айналып өтіңіз.Құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз,- деп ескертеді төтеншеліктер.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp