• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен 8 мың адам жауапқа тартылыпты

Жауапқа тартылғандардың 1800-і қамауға алдынды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен 8 мың адам жауапқа тартылыпты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Күні бүгінге дейін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100-ден астам құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Сайт таратқан ақпаратқа сүйенсек, тіркелген қылмыстардың дені сталкинг, адамның денсаулығына жеңіл-желпі зиян келтіру, ұрып-соңғы, кәмелекетке толмағандарға тиісу.

Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық бағытындағы қылмысқа барған сегіз мың адам жауапқа тартылыпты. Олардың 1800 - ге жуығы қамауға алыныпты.

- 748 адамға мінез-құлыққа қатысты арнайы талаптар қойылды. Осы талаптарды бұзған 612 адамға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылды. Сот шешімдері негізінде тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған 46 адамға мінез-құлықты психологиялық тұрғыдан түзету шаралары тағайындалды, - деп хабарлады Polisia.kz.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен 150 тұрғынға көмек көрсетілген.