Халық арасында «екпеден соң балаларда аутизм, психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі, балалардың церебралды сал ауруы және басқа да дерттер пайда болады» деген пікір бар. Бұл пікірді медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева жоққа шығарды. Медицина ғылымдарының докторының пайымын Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
Дәрігер мұндай пікірде ешқандай ғылыми негіз жоқ екенін айтады. Динагүл Баешева Жапония, Америка Құрама Штаттары және Англия секілді өркениетті елдерде бұл мәселе бойынша арнайы зерттеулер жүргізілгенін атап өтті.