Ата заңды аяққа таптап, елде жүрген 13 Қытай азаматы Қазақстанның аумағынан шығарылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Комитет қызметкерлері тергеу барысында шетелдіктердің ел аумағында халықаралық интернет-алаяқтығының жасырын схемасын ұйымдастырғанын анықтапты.
- Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, "Starlink" спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды. Топтың әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Шетелдіктердің интернет алаяқтығына барғандықтан Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің әріптестермен бірлесіп жүргізілген. Сала мамандары қолға түскен Қытай азаматтардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды деп хабарлады.
Заң бұзған шетелдіктер 16 қазанда ел аумағынан шығарылып, тергеп-тексеру үшін Қытайдің уәкілетті органдарына тапсырылыпты.