• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Жастар практикасы-2026: кімдер қатыса алады және қайда хабарласу керек?

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жастар практикасының ережесін жариялады.
Жастар практикасы-2026: кімдер қатыса алады және қайда хабарласу керек?
Cурет "ЖИ" (gemini) көмегімен жасалды

Жақында оқу бітірген дипломы бар жастарға алғашқы еңбек жолын бастаудың тиімді жолы бар. Жыл басынан бері «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы 22 мыңға жуық түлек мамандығы бойынша жұмыс тауып, алғашқы кәсіби тәжірибесін жинады. Тосыннан жұмыс іздеп сандалмас үшін бұл мүмкіндікті кез келген бос жүрген маман пайдалана алады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бағдарлама қатысушыларына ай сайын мемлекет есебінен 30 АЕК көлемінде жалақы төленеді. Шығындардың ішіне барлық міндетті салықтар мен әлеуметтік аударымдар да кіреді. Практика уақытша құрылған жұмыс орындарында өтеді, ал оның максималды мерзімі — 12 ай.

Үміткерлерге қойылатын талаптар өте қарапайым:

  • Жасы 35-тен аспауы керек;
  • Оқу орнын (колледж немесе жоғары оқу орнын) аяқтағанына 5 жылдан аспаған болуы тиіс;
  • Тіркелген ресми жұмыс тәжірибесі болмауы қажет.

Бүгінде бағдарламаға қатысушылардың жартысынан астамы — жоғары оқу орындарының түлектері, ал үштен екісін әйелдер құрайды. Жастардың басым бөлігі білім беру (48%) және денсаулық сақтау (35%) салаларында тәжірибе жинап жатыр. Сұранысқа ие мамандардың қатарында мейіргерлер, IT-техниктер, мұғалімдер мен заңгерлер бар.

Жұмыс іздеуді жеңілдету үшін тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығына барып өтініш тастау жеткілікті. Орталық мамандары лайықты бос орынды таңдап, бағдарламаға бағыттама береді. Жыл соңына дейін тағы үш мыңнан астам жасты жұмыспен қамту жоспарланған.