• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да жол жөндеу үшін 48,6 млрд теңге бөлінген

Қыруар қаржыға 292,9 шақырымнан астам тас жол жөндеу көріп, салынған.
БҚО-да жол жөндеу үшін 48,6 млрд теңге бөлінген
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Биыл Батыс Қазақстан облысында  жол жөндеу үшін 48,6 миллиард теңге бөлінген. Осы қаржыға өңірде 292,9 шақырым тас жол жөндеу көріп, тақтайдай түзу жол салынуда. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салынған инфрақұрылым жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Бұдан бөлек аймақта жол жүру ережесі мен көліктің жылдамдығын бақылайтын 135 автоматты жүйе іске қосылған. Осы жүйе жыл басынан бері 77 мың астам жол жүру ережесін бұзған фактіні анықтапты. Осы құрылғы арқылы 1,1 миллиард теңгеге айыппұл салынған.

Главный баннер

Жолдағы қауіпсіздік мәселесі Үкімет отырысында талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында жол жүру мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік мәселесі жан-жақты қаралды. Оған аймақ басшысы селлекторлық режимде қатысты.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2026 жылдың сегіз айында өңірде тіркелген жол апаты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға кеміген.

- Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 15%-ға, зардап шеккендер саны 14%-ға азайды. Жол-көлік оқиғаларының ішінде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайы жиі тіркеледі. Есепті кезеңде мұндай 212 оқиға тіркелген. Оның 187-сі жүргізушілердің, 25-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен туындаған, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article