Оралда Хан тоғайында таралған өрт оқшауланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 75 адам мен 18 техника және «Гейзер» сорғыларымен жабдықталған екі жүзі құралы жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің №20982 әскери бөлімінің 20 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің төрт адамы мен бір тікұшағы, «Қазавиақұтқару» мекемесінің бес адамы мен 1 тікұшағы тартылды. Тікұшақтар 46 мәрте ұшып, су шашқан екен. Өрт сағат 20:28-де оқшауланды.
– Жергілікті атқарушы орган, төтеншеліктер мен орманшылардың жедел әрекетінің нәтижесінде күннің ыстығы мен желдің екпініне қарамастан көне табиғи-тарихи нысанда өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Оқиға орнында қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.Айта кетейік, аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен барлық аудан әкімдеріне тиісті органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуліктік кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Хан тоғайында өрт шықты. Тілсіз жау таралғаны туралы сағат 13:45-те белгілі болған. Қызыл жалын Орал орман шаруашылығына қарасты алқапты тұтанды. Сол аумақта үйеңкі мен шаған ағаштары өседі.