13 августа 2018

Құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтті

Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті. Облыстың құрылыс саласына қарқынды даму үрдісі тән. Тіпті қиын кезеңде де тұрғын үй салу, жол төсеу, құбыр жүргізу ісі толастаған емес. Саланың өркендеуіне «Қолжетімді баспана», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» сияқты мемлекеттік бағдарламалар себепші болуда. Мысалы былтыр көп қабатты он үй мен 113 жеке тұрғын жай іске қосылды. Осылайша облыс бойынша 392 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 42,5 пайызға жоғары. Ал биыл бұл шаруаға 17 млрд. теңге бағытталып отыр. Өз кезегінде өзге салалар да ұмыт қалмауда. - 25 инфрақұрылым нысанын салуыға 3,5 млрд. теңге бөлінсе, әлеуметтік нысандар құрылысына 2,5 млрд. теңге жұмысау жоспарланған. Екі мектеп пайдалануға берілсе, тағы екі білім беру мекемесі жыл соңына дейін іске қосылады. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға 4 млрд. теңге бағытталып, 11 ауданда 22 нысан жаңартылады. Нәтижесінде орталықтандырылған таза сумен қамтылған халық саны – 43 пайызға жетеді, - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов. Ғұмырының қырық жеті жылын құрылыс ісіне арнаған Дүйсен Кенжәлиев саланың бүгінгі жетістіктеріне дән риза. Өйткені өңірдің сәулеті оның көз алдында танымастай өзгеріп, сәні мен салтанаты жарасқан ғимараттардың саны артты. Ми жазықта келбеті келісті шағынаудандар пайда болды, - дейді әлі де саладан ажырамаған жан. - Әлі күнге осы салада еңбек етіп келемін. Бұл қызығы мен қиындығы қатар жүретін кәсіп. Сондықтан жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқара білсең, жұмысыңның жанғаны. Міне бүгін марапатқа ие болдым. Бұл да жылдар бойғы қызметімнің жемісі деп білем, - дейді Дүйсен Кенжәлиев. Салтанатты жиын барысында өңір келбетінің көркейіп, халық тұрмысының жақсаруына өз үлесін қосқан сала үздіктері марапатталды. Ерен еңбегімен танылғандар «Құрметті құрлысшы», «Құрметті жолшы» төсбелгілеріне, облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Солардың бірі - Әмет Жақұдаев. Ғұмырының көп бөлігін темір жол құрылысына арнаған. - Шойын жол төсеу, оңай іс емес. Дәлдік пен төзімділікті талап етеді. Еңбек жолын құрылыс-монтаж пойызынан бастадым. Кезінде Қарашығанақ кенішіне темір жол тартуға үлес қостым, - дейді сала ардагері Әмет Жақұдаев. Өз кезегінде құрылысшылар қауымы жеткен жетістікпен шектелмейтінін айтады. Межелі жұмыстар көп, тиісінше толайым табыстар да арта бермек. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp