1 қазанға дейін Бөрлі ауданы қысқы жылыту маусымына толықтай дайын болмақ.Бұл туралы ауданы әкімі Еркебұлан Ихсанов өңірлік коммуникациялар алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол бірінші қазанға дейін барлық жұмыс пысықталады деп айтты.
- Аудан бойынша 46 жылу қазандығы бар. Аудан бойынша 170 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылып, бірінші қазанға дейін толық, тиянақты дайын боламыз.Ендігі кезекте оныншы шағын ауданда қазандыққа қосымша бір қазандық орнату мәселесі шешімін тауып жатыр, - деді Еркебұлан Ихсанов.
Бөрлі ауданы әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, "Ақсай жылу қуат" мекемесі 7910 жеке тұрғын үй, 56 мемлекеттік мекемені 292 заңды тұлғаны жылумен қамтып отыр. Күні бүгінге дейін "Ақсай жылу қуат" мекемесі 15 пайызға тозығы жеткен. Аудан әкімі: "бұл көрсеткіш республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі", деп атап өтті.
Аудан әкімдігі 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жоспары аясында бірқатар маңызды нысандарды жаңарту көзделген деп хабарлады. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде Ақсай қаласының оныншы шағын ауданындағы №25 тұрғын үй қазандығына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа жанарғысы бар қазандық орнатылады.