• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Әйелдер мен әншілерге тіл тигізген ер адам қамалды

Түркістан қаласының тұрғыны тергеу изоляторына қамалды.
Әйелдер мен әншілерге тіл тигізген ер адам қамалды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Әлеуметтік желіде «Еркектер мен әйелдер бірге отыра алмайды» деп, «Әншілерді шайтанның азаншысына» теңеген ер адам қамалды. Ішкі істер министрлігі Түркістан қаласының тұрғыны тергеу изоляторында отырғанын хабарлады. Былапыт сөйлеген ер адамға қатысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ішкі істер министрігі: «Адамның қадыр-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын немесе қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған кез келген жария мәлімдемелерге заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп ескертеді.

Главный баннер

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде тойға тілек айтуға барған ер адам әйелдерге тіл тигізіп, әншілердің де шамына тиді.

Главный баннер --> after article