Ақтауда жеке сот орындаушы туыстарының атына заңсыз қаражат аударып келген. Бұл былықты прокурорлар тексеріс барысында әшкерледі. Күдікке ілінген сот орындаушы өндірілген үш миллион теңгені бөгденің есепшотына аудартқаны белгілі болды.
Қазіргі таңда жеке сот орындаушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабы бірінші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Прокурорлар өңірде жұмыс істейтін сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушы құжаттардың уақытылы орындауын жіті тексеруде.