• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде екі күнде 700-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

Ақтөбеде аптап ыстыққа қарамастан, рөлге мас отырғандар көбейген.
Ақтөбеде екі күнде 700-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді
Фото видеодан стоп кадр

Ақтөбе облысында өтіп жатқан "Тасымалдаушы" рейдiнiң алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері ішімдік ішіп көлік басқарған он жүргізушіні ұстады. Өңірде аптап ыстық орнаған. Соған қарамастан 40 градус ыстыққа қарамастан, ащы су ұрттап, рөлге отырғандардың қарасы азаймай отыр. 

Мас жүргізуші - өліммен тең қауіп

Главный баннер

Полиция мәліметінше, екі күн ішінде мас күйінде рөлге отырған он дерек тіркелген. Бұл жауапсыздық жүргізушінің өзін ғана емес, жолаушылар мен жаяу жүргіншілерді, яғни жол қозғалысының барлық қатысушысын үлкен қауіпке тігеді. Заң бойынша мұндай әрекет үшін қатаң жаза қарастырылған.

Дрондар арқылы бақылау күшейді

Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) кеңінен қолдануда. Көктен бақылаудың арқасында екі күнде ереже бұзудың 20-дан астам дерегі анықталды. Бұл әдіс патрульдік көліктердің көзінен тыс қалатын құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға көмектеседі.

Жолдағы бейберекетсіздік: Мыңға жуық ереже бұзушылық

Рейдтің қорытындысы бойынша екі күнде 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық әшкереленді. Олардың ішінде:

  • Қарсы қозғалыс жолағына шығу - 9 дерек;
  • Көлік басқару құқығы жоқ адамдардың рөлге отыруы - 36 дерек;
  • Заңсыз жолаушы тасымалдау - 6 дерек.

Сондай-ақ, жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзудың 135 дерегі және техникалық ақауы бар көлікті пайдаланудың 119 жағдайы тіркелді.

Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

 

Главный баннер --> after article