• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде футбол стадионының құрылысы үшін 6,5 млрд теңге бөлінді

Жаңа стадион 35 мың көрерменге арналған.
Ақтөбеде футбол стадионының құрылысы үшін 6,5 млрд теңге бөлінді
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Ақтөбеде жаңа футбол стадионының құрылысы басталды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа стадион 35 мың көрерменге арналған. Ол облыс орталығының батыс бөлігінде, 25 гектар жерге салынбақ. Құрылыс жұмыстары үшін 6,5 миллиард теңге бөлінген.

Кешен өңірдегі ең ірі спорт инфрақұрылымы нысандарының біріне айналмақ, онда жас спортшылар даярланатын болады. Стадион УЕФА-ның 4-деңгейінің талаптарына сәйкес жобаланған, онда жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты спорт ғимаратының құрылысы салынбақ. Нысанда футбол алаңы мен көрермендер трибуналарынан басқа командалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған инфрақұрылым болмақ, – деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Главный баннер

Құрылыс үш кезеңде жүзеге аспақ. Әкімдік қызметкерлері алып стадион 2028 жылы аяқталады деп жоспарлап отыр. Үкімет бөлген 6,5 миллирад теңге биыл басталған бірінші кезеңге бағытталады екен.

Ақтөбеде 1975 жылы салынған стадион бар. Ол 13 мың көрерменге арналған. Жыл санап футбол жанкүйерлерінің саны артып келеді. Сол себепті жаңа стадионның құрылысы ауадай қажет.

Облыс билігі жаңа стадион жанкүйерлерді көбірек қабылдап, халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізіп, спорттық мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Главный баннер --> after article