• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде көкнәр өсірген зейнеткер құрықталды

Тәртіп сақшылары саяжай учаскесінен 67 түп көкнәрді анықтап, тәркілеген.
Ақтөбеде көкнәр өсірген зейнеткер құрықталды
Фото видеодан стоп кадр

Ақтөбеде «Қарасора -2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары саяжай учаскесінен 67 түп көкнәрді анықтап, тәркіледі. Сайжай 69 жастағы зейнеткерге тиесілі екен. Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары есірткі және психотроптық заттары бар өсімдіктерді өсіруге заңмен тыйым салынғанын еске салады.

— Полицейлер азаматтарды заң талаптарын сақтауға және үй іргесіндегі, саяжайдағы және өзге де жер учаскелерінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірмеуге шақырады. Мұндай фактілер немесе есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда, 102 арнасына дереу хабарлауды сұраймыз, - дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article