• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Америкалық күйеу бала БҚО-ға келді

Америкалық күйеу осымен үшінші рет Қазақстанға сапар шеккен. Ол келіншегінің туған ауылы Аңқатыға табан тіреді.
Америкалық күйеу бала БҚО-ға келді
Фото видеодан стоп кадр

Америкалық күйеу бала Иан жұбайы Мадинаның туған жері — Аңқатыға алғаш рет табан тіреді. Мадина әлеуметтік желідегі оқырмандарына өзі өскен ауылдың тыныс-тіршілігін таныстырып, жолдасының алғашқы әсерлерімен бөлісті.

Иан ауылдық өмірдің қыр-сырына қанығып, қайын жұртында қызмет қылды. Ол дәстүрлерге ерекше құрметпен қарағанын байқауға болады. Мейман қонақ күтіп, үлкендердің қолына су құйып, күйеу балалық міндетін абыроймен атқарды. Тек атқа мініп қана қоймай, велосипедпен қыдырып, тіпті ат арбамен серуендеп, қазақы ортаның барынша ыстық лебін сезініп қайтты.

Главный баннер

 

Главный баннер --> after article