10 апреля в 19:00

Ақтөбеде студент автоматтандырылған қожалық жүйесін іске қосты

Ақтөбе облысында студент жаңа технологияларды ауыл шаруашылығына енгізді.

Ақтөбе облысында студент жаңа технологияларды ауыл шаруашылығына енгізді.
Фото Ақтөбе облысы әкімдігінің телеграм арнасынан жүктелді

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданына қарасты Бозой ауылында автоматтандырылған қожалық жүйесі іске қосылды. Жаңа технологияны үшінгі курс студенті Ерасыл Жолгелдиев енгізді. Игі бастама жайлы Ақтөбе облысы әкімдігі хабарлады. Жаңашылдық ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданудың нақты үлгісі екен. Ерасыл автоматтандырылған жүйені жанұясына тиесілі қожалықта сынақтан өткізуде.

— Мақсатым ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру. Біз ауылда да заманауи технологияларды енгізу арқылы еңбекті жеңілдетіп, өнімділікті арттыра аламыз, — дейді жобаның авторы Ерасыл Жолгелдиев.

Жаңа технологиялардың арқасында қораның есігін видеокамера және қозғалыс сенсоры арқылы автоматты түрде ашып,жабуға болады. Сондай-ақ, малға арналған автоматты суару жүйесі де жасақталыпты. Қора ішіндегі температура мен ылғалдылықты бақылайтын датчиктер орнатылған. 

Бақташылар жүйені қашықтан басқарып, бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаның көмегіне жүгіне алады. Жас ғалым енгізген автоматты жүйе әзірге Бозай ауылында пилоттық режимде жұмыс істейді. Келешекте бұл жүйені өзге де шаруа қожалықтарына енгізіп, оларға бейімдеу жоспарда бар. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp